Ресейлік белгілі маман Алексей Стрепетов алматылық «Қайрат» футболшысы Андрей Аршавиннің Халық командасындағы ойыны туралы, жалпы, Қазақстан чемпионаты жайлы пікірін айтты.

«Аршавиннің аты Аршавин. Оның техникасы мен футболды түсіну деңгейі қашан да таңқалдыратын. Тағы бірнеше жыл ойнаған соң, ол «Зенитке» қайта оралып, өз клубына пайдасын тигізеді деп үміттенемін. Қазақстан чемпионаты – әлсіз турнир емес. «Астана» Еуропа лигасының плэй-офф кезеңіне бекерден-бекер шыққан жоқ қой. Ал қазақстандық клубтардың кей футболшыларына РФПЛ көз тігіп отыр», - деді Стрепетов.