25 жастағы жартылай қорғаушы Жақып Қожамберді мансабын талдықорғандық «Жетісуда» жалғастыруы мүмкін.
Жақып футболшы мансабын «Таразда» бастаған. Бұл клубта 70 матч өткізіп, 7 гол соқты. Ал соңғы клубы көкшетаулық «Оқжетпес» болған.
Сондай-ақ, Қожамберді елордалық «Астананың» намысын қорғады. Бірақ бұл клуб сапында чемпионатта матч өткізген жоқ. Есесіне Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде мадридтік «Атлетикоға» қарсы ойнады.
Комментарии