Британиялық The Sun ақпаратына сүйенсек, «Флитвуд Таун» қақпашысы Крис Нил Papa John’s компаниясынан бәс жеңіп алды.

Үшінші дивизионда ойнайтын «Флитвуд» пен Премьер-лигадағы «Лестер» арасындағы матч алдында Papa John’s пиццериясы Крис Нилмен бәс тіккен болатын. Егер Нил өз қақпасына гол жібермесе, 2018 жыл бойы тегін пицца беруге уәде берді.

Естеріңізге салсақ, бұл матч 0:0 есебімен аяқталған болатын. Ал пиццерия сөзінде тұрып, Крис Нилға 2018 жыл бойы тегін пицца береді.