Бұған дейін мексикалық боксшының менеджері Хосе Рейносо реваншқа қатысты келіссөздердің нәтижесіз болып жатқанын жеткізген.

«Дәл қазір бізде ештеңе жоқ. Біз келіссөздердің дұрыс бағытта өрбігенін күтіп отырмыз. Алайда әзірше нақты ештеңе айта алмаймыз», - деді Рейносо.

Араға үш күн салып, «Golden Boy Promotions» компаниясының президенті Эрик Гомес келіссөздердің аяқталуға жақын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, екі жақ келісімшартты рәсімдеуге әзір. Алайда пысықтайтын мәселелер көп.