Ресейлік маман өз қызметінен босаған жоқ. Бұл туралы Prosports.kz тілшісіне Александр Бородюктің өзі айтты.

«Мен туралы ақпарат өтірік. Бұл жалған! Мен Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуге арыз жазған жоқпын, - дейді Бородюк. – Мен туралы республикалық бір сайт жазғанын білемін, олар шектен шығып барады. Егер ол жақта кәсіби журналистер жұмыс істесе, олар ақпаратты тексеріп, шындықты жазар еді.

Тағы да айтайын: бапкерлік штабыммен бірге жұмыстан кеткен жоқпын. Бір сайт жыл бойы осындай негатив жазуда. Олар деректер жинаудың орнына, өсек таратып жүр.

Футбол федерациясы менің құрамадағы болашағыма қатысты әлі шешім шығарған жоқ. Ал бұл сайт адамдардың тағдырын шешіп тастаған. Жақында олар қызметке бекітіп, өздері алып тастап отырады. Қай өркениетті қоғамда бұлай істеп еді?».

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының офисінде бапкерлік кеңес өткен болатын. Жиында Қазақстан ұллтық құрамасының бас бапкері Александр Бородюктің жұмысы талқыланды. Ресейлік маман негізгі команданың осындай нәтижесін өз мойнына алды.

Қазақстан құрамасы бас бапкерінің тағдырын ҚФФ басшылығы жақын арада шешеді.