Немістің Оберхоф қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезеңінде ерлер арасындағы эстафета аяқталды.

Максим Браун, Василий Подкорытов, Владислав Витенко және Тимур Хамитгатиннен құралған Қазақстан командасы 15-ші орын алды.

Алтын медальді Швеция, екінші орынды Италия биатлоншылары иеленді. Ал үштікті Норвегия құрамасы түйіндеді.