Қазақ футболының еркесі Еркебұлан Сейдахметтің Ресей асатыны жайлы айтылып жүргелі көп болды. Сол көп ақпараттың шынға айналар шағы жақын секілді.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша Сейдахмет алда ресейлік «Уфа» командасымен бірге оқу-жаттығу жиынына аттанбақшы.

Жас шабуылшы 23 ақпан 18 жасқа толады. Содан кейін Тараздың таланты алаңсыз шетел аса беруіне мүмкіндік туады.«Уфа» командасы Ресей жоғары лигасында бақ сынайды. Құрылғанына 7 жыл ғана болса да тез дамып келе жатқан клубтардың бірі.