Кеше тараздық футболдың түлегі Еркебұлан Сейдахмет РФПЛ-да ойнайтын «Уфа» клубына ауысады деген ақпарат шыққан болатын.

Prosports тілшісі Еркебұланның өзінен бұл ақпарат туралы пікірін білген еді.

«Қазір ештеңе белгісіз. Келісімшартқа әлі отырған жоқпыз. Еңбек келісіміне қол қойғаннан кейін хабарласыңызшы», - деді жас футболшы.

Ақпанда 18 жасқа толатын Еркебұлан былтырғы маусымды «Тараз» сапында өткізген болатын.