Қазақстандық жас талант Еркебұлан Сейдахмет Ресей чемпионатына ауысады.

Дәлірек айтқанда «Уфа» ойыншысы атанбақ. Бұл туралы «Матч ТВ» комментатры Нобель Арустамян өзінің Твиттер парақшасында жазды.

Еркебұлан Сейдахмет өткен маусымда «Тараз» командасы үшін 15 ойын өткізіп 1 гол соққан.

Жалпы жұртшылыққа Еркебұлан былтырғы Гранаткин турнирінде танылған болатын. Ол кезде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы финалға дейін жетіп, финалда жарыс қожайындарына жол берген.

Кейін ресейлік «Зениттің» жасөспірімдер құрамасымен Италияда өткен турнирде бір ойында төрт гол соғып көзге түскен.

«Уфа» Ресей премьер лигасында жиырма турдан соң 27 ұпай жинап алтыншы орында келе жатыр.