Алматылық «Қайрат» футбол клубының бапкерлер құрамында өзгерістер орын алды.

Дәлірек айтқанда физикалық дайындыққа жауапты бапкер қызметіне испандық Гил Орриолс Янсана тағайындалды.

Сондай-ақ Карлос Алос пен Николос Кьетиномен бірге бапкерлер қосынына испандық маман Алекс Аксенси Фарнос қосылды. Соңғысы бас бапкер көмекшісі қызметіне тағайындалды.

Бул туралы клубтың ресми сайты хабарлады.