Сербиялық «Партизан» «Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы Жерар Гоуды өз қатарынан көргісі келеді, алайда бұл трансфер жүзеге аспауы мүмкін. Бұл туралы Hotsport.rs жазды.

«Жерар Гоу өте көп жалақы талап етіп отыр – 800 мың еуро. Сондықтан, ол мансабын «Партизанда» жалғастыруы екіталай. Осы себеппен «Қайрат» та онымен келісімшартты ұзартпаған болатын. Клуб ойыншыны алып қалғысы келді, алайда оның мұндай қаржылық талабын орындаудан бас тартты. Енді Гоу не Ресейге, не Қытайға баруы мүмкін», - деп жазды сербиялық портал.