Бельгиялық Voetbalnieuws.be сайты «Астананың» шабуылшысы Джуниор Кабананганың болашағы туралы жазды.

«Көптеген бельгиялық клубтар осындай шабуылшыны іздеп жүр. Алайда, Кабананга қаңтарда Бельгияға ауыспайды. Шамасы, Қытайға кететін шығар», - деп жазды сайт.

Айта кетейік, бұған дейін Кабананганың өзі Қытайда ойнауға қарсы емес екенін айтқан болатын.