Англия премьер лигасының 22- туры аясында «Вест Бромвич» командасы «Вест Хэмге» қонаққа барып 2:1 есебімен ұтылып қалды.

Осылайша олар 20 тур бойы жеңіске жете алмай келеді. Соңғы рет жеңіс тойын тойлағандарына бес ай болды. Тамыз айында АПЛ-дің екінші турында «Бернлиге» тізе батырған еді. Содан бері жеңіс дегеннің не екенін ұмытты бұл команда.

Алайда бұл Англия премьер лигасы тарихындағы ең нашар көрсеткіш емес. Ертеректе «Дерби Каунти» командасы 32 тур бойы, «Сандерленда» 26, «Норвич Сити» 21 тур бойы қатарынан жеңіске жете алмаған екен.