Франция бірінші лигасында бақ сынайтын «Монпелье» командасы қатарларын жаңа футболшымен толықтырды. 26 жастағы Камерон ұлттық құрамасының қорғаушысы Амбруаз Ойонго франциялық клубпен 4 жылдық келісімшартқа қол қойды.

Ойонго төрт жылдан бері MLS-де доп теуіп келген. Соңғы командасы канадалық «Монреаль Импакт» клубы. Ол енді жаңа командасында 8 номермен өнер көрсететін болады.