«Барселона» командасының капитаны Андрес Иньеста әріптесі Лионель Месси үшін әлем біріншілігін жеңіп алу маңызды екенін атап өтті.

Месси Аргентина құрамасының сапында 2014 жылы финалға дейін жеткен. Алайда ақтық ойында Германияға 1:0 есебімен жеңіліп қалған еді.

«Месси секілді футболшыға әлем біріншілігін жеңіп алу маңызды дегенге келісемін. Ол өз мансабында мүмкін болған барлық жүлдені жеңіп алды. Әлем біріншілігінің кубогы нүктесі болар еді. Мундиальда жеңіске жетсе бастаған ісін аяғына дейін жеткізгенінің белгісі. Ресейде не боларын көре жатармыз. Аргентина құрамасы әлем чемпионы атануға бірден бір үміткер», — деп келтіреді Иньестаның сөзін Marca агенттігі.