Diario Gol басылымының хабарлауынша, Неймар 2019 жылдың жазында Испанияға қайта оралып, мадридтік «Реалдың» жейдесін кимекші.

Оған дейін қазіргі командасы ПСЖ сапында Еуропа Чемпиондар лигасын ұтып, сонымен бірге «Алтын допты» да алуды мақсат етіп отырған көрінеді.

Хабарламада айтылуынша, «Королдық клубтың» басшысы Флорентино Перес бразилиялық футболшының әкесімен байланыс орнатып да үлгірген.