Шотландия біріншілігі аясында «Селтик» өз алаңында «Хартс» командасына күтпеген жерден 4:0 есебімен ұтылып қалды.

Ішкі біріншілік пен ел Кубогында 69 матч бойы жеңіліс дәмін татпаған «Селтиктен» мұндай нәтижені ешкім күтпеген болатын. Жанкүйерлердің басым көпшілігі «Селтиктің» ұтылмайтынына нық сенімді болған, алайда арасында тәуекелге баруды ұнататындары да бар.

Мысалы Bet365 букмекерлік кеңсесінің клиенті өзінің сүйікті командасы 4:0 есебімен ұтады деп 501,0 коэффициентке £10 ($13,3) ақшаны бәске тіккен. Алайда ойын кезінде жанкүйердің жүйкесі сыр беріп, «Хартс» төртінші голды соққанда £2624 ($3,5 мың) сатып жіберген. Егер де ол сатпағанда, ұтыс £5010 ($6,7 мың.) құрайтын еді.