Ресейдің "Союза ММА" ұйымына қарасты тәуелсіз комиссия Қуат Хамитов пен Питер Куилли арасындағы жекпе-жектің нәтижесін өзгертті. Еске салайық, 5 раундқа созылған рейтингілік кездесуде "Найман" жеңімпаз атанған. Жекпе-жек 26 қараша күні Алматыда (FN GLOBAL 80) өткен. Кездесу нәтижесін қайта қарап өзгерту туралы өтініш берген Питер Куиллидің тілегін еркін комиссия қанағаттандырды.