UFC президенті Дана Уайт ESPN-ге берген сұқбатында кіші Флойд Мейвезердің аралас жекпе-жекке ауысуы жайлы ойын айтты.

«Иә, бұл рас. Флойдпен UFC келісімшарты бойынша келіссөз жүргізіп жатырмыз. Флойдпен бірге бір қызық жасаймыз. Түрлі нұсқалар бар», - деді Уайт.

Айта кетейік, биыл тамызда UFC жұлдызы Конор Макгрегор бокс ережесі бойынша Мейвезермен жекпе-жек өткізген болатын.