Оралда допты хоккейден ҚР ІV қысқы спартакиадасының ойындары мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Айтулы додаға республика өңірлерінен сегіз команда қатысып, бақ сынады. Жарыс қорытындысында өзгелерден оқ бойы озық өнер көрсеткен БҚО құрамасы жеңімпаз атанды. Ақтөбеліктер екінші, шығысқазақстандықтар үшінші орынға ие болды. Жекелеген ойыншылар да аталымдар бойынша марапатталды. Батысқазақстандық Нариман Такиров «Үздік қақпашы», солтүстікқазақстандық Александр Годня «Үздік қорғаушы», ақтөбелік Сұлтан Қадыржанов «Үздік жартылай қорғаушы», шығысқазақстандықтар Антон Свешников «Үздік шабуылшы», Евгений Медведев «Үздік мерген» атанды. Айта кетейік, допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста ойнап жүрген Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымдағы өз айдынындағы алғашқы кездесулерін 23, 24 желтоқсан күндері «Стеновик» сталионында «Динамо-Қазан-2» (Қазан) командасымен өткізеді.