«Астананың» шабуылшысы Жуниор Кабананга Sports порталына берген сұхбатында мансабын елордалық ұжымның сапында жалғастырмайтынын айтты.

— Жуниор, келер жылы қайда ойнайтыныңды шештің бе?

— Барлық командалармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қайсысымен келісеміз, сол командаға ауысамын.

— «Астанада» қалуың қаншалықты мүмкін?

— «Астананы» жақсы көремін, өйткені ол менің үйіме айналды. Алайда қоштасатын уақыт келіп жетті.