Қытай Халық Республикасында өткен фристайл могулден әлем Кубогы кезеңінде спортшы жоғары нәтиже көрсетті.

ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ тәрбиеленушісі Юлия Галышева жүлдегерлер қатарынан орын алды.

Жарыс жолына барлығы 48 спортшы шықты. Әлемнің кіл мықтылары бас қосқан сайыста ШҚО спортшысы 77.79 ұпайымен әлем Кубогі кезеңінің күміс медалін еншіледі. Ол тек 77.90 ұпай жинаған АҚШ елінің фристайлшысына есе жіберді, ал Галышевадан кейін үздік үштікті канадалық спортшы түйіндеп тұр.