Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко (4-0, 4 КО) BoxRec.com беделді сайтының рейтингінде 120 сатыға жоғарылады.

Супер ауыр салмақ дәрежесіндегі боксшылар арасында ол 382-інші орыннан 262-ге көтерілді.

Еске салайық, 16 желтоқсан күні өткен бокс кеші аясында Дычко үшінші раундта мексикалық Сельсо Пинсонды ((5-5-1, 3 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.