Бокс туралы жазатын белгілі Badlefthook.com сайты Билли Джо Сондерс – Давид Лемье жекпе-жегінен соң орта салмақтағы үздік он боксшының рейтингісін жаңартты.

ТОП-10 тізімінде қазақстандық Геннадий Головкин көш бастап тұр. Ал екінші сатыда мексикалық Сауль Альварес тұр. Үздік үштікті америкалық Дэниэл Джейкобс түйіндейді.

Айта кетейік, Головкин биыл Альвареспен де, Джейкобспен де жұдырықтасқан болатын.

Рейтингінің қалған бөлігі:

4. Билли Джо Сондерс

5. Сергей Деревянченко

6. Риота Мурата

7. Джермалл Чарло

8. Деметриус Андраде

9. Давид Лемье

10. Туреано Джонсон.