«Манчестер Сити» мен «Манчестер Юнайтед» командаларының бәсекелестігі мен бақталастығы қай деңгейде екені бәрімізге белгілі.

Жақында «қалалықтардың» Twitter парақшасында қою тұман арасында жаттығу жұмысын жасап жүрген футболшының суреті беріліп, оқырмандарынан оның кім екенін табуды сұраған.

Сурет негізі Лерой Саненікі болатын. Суреттегі спортшының шашының қалыңдығына қарап бір жанкүйер "Феллайни" деп таныған.

Дәл осы нұсқаның соңына «Манчестер сити» команда парақшасының қызметкері, "Сіз қателесесіз, бұл суреттегі адам футболшы", -деп жауап қалдырған.

Ашып айтпағанымен бұл сөздің мәні "Маруан Феллайни футболшы емес" дегенді меңзеп тұрғаны сөзсіз.