30 желтоқсан Алматыда өтетін қазақстандық әлем чемпионы Фируза Шарипова мен оның қарсыласы Джемилла Гонтарюктің жекпе-жегіне әлемге әйгілі төреші Даниэль Ван де Виль қазылық ететін болады.

Бельгиялық танымал төреші Майк Тайсон, Леннокс Льюис, кіші Флойд Мейвезер, Мэнни Пакьяо қатарлы көптеген бокс жұлдыздарының кездесулерінде қызмет атқарған.

Естеріңізде болса, 30 желтоқсанда Almaty Arena-да екінші жартылай жеңіл салмақта IBO және WBC Silver әлем чемпионы титулы үшін әлем чемпионы Фируза Шарипова бельгиялық Джемилла Гонтарюкке қарсы қарсы он раундтық жекпе-жек өткізеді. Егер қазақстандық спортшы осы кеште жеңіске жетсе, екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанады.