Орта салмақтағы WBO чемпионы Билли Джо Сондерстің бапкері Доминик Инглдың айтуынша британиялық боксшының келесі қарсыласы WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин болады.

«Головкин әлі күнге дейін керемет шоу көрсетіп келеді. Алайда оның жасы бір кезде сыр береді. Сондерс тек чемпиондармен жұдырықтасқанын қалаймын. Головкин - чемпион. Ол мансабын Бернард Хопкинс секілді жеңіліссіз аяқтап, тарихқа енгісі келеді. Меніңше Сондерстің келесі қарсыласы Головкин болуы қажет», - деп келтіреді Инглдың сөзін boxingscene.com сайты.

Айта кетейік, Геннадий Головкинге абсолютті әлем чемпионы атануы үшін Джо Сондерстің белбеуі қажет.