Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Бауыржан Жолшиев үлкен футболға қайта оралмақ.

KazFootball.kz сайтының мәліметі бойынша, «Астананың» бұрынғы футболшысы келер маусымға дайындықты шымкенттік «Ордабасының» сапында бастайды. Оңтүстікқазақстандық ұжым қаңтар айында Түркия елінде оқу-жаттығу жиындарын өткізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Бауыржан Жолшиев соңғы кездесуін 2015 жылы 9 желтоқсан айының күні түркиялық «Галатасарайға» қарсы өткізген.