«Барселона» клубының шабуылшысы Луис Суарес Испания чемпионаты аясында «Депортивоға» (4:0) қарсы өткен матчта соққан голын төреші неге санамағанын түсіне алмағанын айтты.

– Анық гол соқтым. Доп қақпа сызығын кескен болатын. Қақпаның жанында болғандықтан мен бәрін анық көрдім.

– Биылғы маусымда «Барселона» футболшыларының тепкен доптары қақпаның бағаналарына 26 рет дөп тиген…

– Әрқашан гол соққымыз келеді, бірақ кей кезде бұл нағыз қиынға соғады. Кейде бағаналары көмектеседі, кейде керісінше, – деді Суарес.