Футболдан Англия чемпионатының кезекті турында Вест Бромвич өз алаңында Манчестер Юнайтедті қабылдады.

Тартысты өрбіген ойын 2:1 есебімен МЮ-дің пайдасына шешілді. Жозе Моуриньо жаттықтыратын команда сапында Лукаку мен Лингард гол соқса, алаң қожайындары сапында Барри көзге түсті.