Римдік «Лацио» клубы Италияның А сериясы аясының 17-туры аясындағы «Аталантамен» ойынға байкот жарияламақ. Бұған төрешілердің қызметіне көңіл толмау себеп болып отыр.

Римдік клубтың «Ториноға» қарсы өткен ойынында команда шабуылшысы Чиро Иммобиле алаңнан қуылған болатын.

Нәтижесінде бұл команданың 1:3 есебімен жеңілуіне себеп болды.

Ойыннан соң «Лацио» клубының президенті Клаудио Лотито бұның бәрі римдік клубты үздік төрттікке кіргізбеу үшін жасалып жатқандығын айтты.