Нақтыланбаған ақпарат бойынша испаниялық "Малага" клубы елордалық "Астана" клубының орталық қорғаушысы Юрию Логвиненкоға қызығушылық білдіріп отыр екен. Бұл туралы KazFootball.kz порталы хабарлап отыр. "Астана" мен Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы өзінің жақсы ойынымен "Малага" клубы бапкерлерінің көңілінен шыққан. Айта кетейік, қазіргі уақытта Логвиненконың трансфер нарығындағы құны - 1,2 миллион еуроға бағаланып отыр. Ақтөбе футбол клубының тәлімгері бес рет Қазақстан біріншілігінің чемпионы, екі рет ел кубогының жеңімпазы атанған. Сонымен қатар Логвиненко қазақстандық футболшылар арасындағы еурододаларда бірінші болып 50 ойын өткізген футболшы атанды. Еске салайық, биылғы маусымда 29 жастағы қорғаушы барлық турнирлер 39 ойын өткізіп, 5 гол және 2 нәтижелі пас берді.