Қазақстан Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына 50 жолдама жеңіп алуды көздеп отыр. Бұл жайлы министрдің орынбасары мәлімдеді.

Сәкен Мұсайбеков, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:

- Біздің спортшыларымызға Олимпиадаға жол ашық. Ешқандай кедергі жоқ. Сондықтан Олимпиадаға тек ғана таза спортшылар барады. Біз таза спортты және таза спортшыларды қолдаймыз.