Sirin Labs компаниясы танымал футболшы Лионель Мессимен келісімшартқа отырды.

"Барселона" футбол клубы мен Аргентина құрамасының ойыншысы аталмыш компанияның елшісі атанбақ. Sirin Labs әлемдегі алғашқы криптосмартфон жасаумен айналысатын компания.

"Sirin Labs компаниясының елшісі атанғаныма өте қуаныштымын. Бұл компания смартфондарға арналған жүйені жасау арқылы болашақта блокчейнді қарапайым халыққа қол жетімді етеді", - деп жазды "Алтын доптың" бес дүркін иегері.

Айта кетейік, Sirin Labs компаниясының негізін қалаушылардың бірі - қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышов.