Қазақстандықтар бүгін Еуропа лигасының екі матчтын тікелей эфирде тамашалай алады.

Астана уақытымен 23:50-де Прагадағы матчтың трансляциясы басталады. Қазақстандық «Астана» сырт алаңда чехиялық «Славиямен» плэй-офф кезеңін сарапқа салады.

Ал 02:00-де «Марсель» мен «Зальцбург» матчы басталады. Қос ойынды да «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.