Чемпиондар лигасы тарихында алғаш рет турнирдің плэй-офф кезеңінде бір елдің бес өкілі ойнайды.

Мұндай жетістікке Англия жетті. «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Ливерпуль» және «Тоттенхэм» өз топтарынан бірінші орынмен шықты. Ал «Челси» өз квартетінде екінші орын алды.

Естеріңізге сала кетсек, Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі 11 желтоқсанда болады.