АҚШ өкілі Ники Хейли Fox News эфирінде америкалық спортшылардың 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиадаға қатыспауы мүмкін екенін айтты.

Бұл шешім Солтүстік Кореямен болып жатқан қақтығысқа байланысты болып тұр. Эфир кезінде америкалық спортшылардың Олимпиадаға қатысар-қатыспасы сұралған болатын.

«Сұрақ әлі шешілмеді. Бұл туралы ештеңе естімедім. Әңгіме Солтүстік Корея немесе Иерусалис туралы болса да, біз үшін маңыздысы өз азаматтарымызды қорғау», - деп жауап берді Хейли.

Ол Солтүстік Кореяда жағдайдың «күн сайын» алмасатынын айтты.