Ресей президенті Владимир Путин ресейлік спортшылардың 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына бейтарап түрде қатысуға рұқсат берді.

«Біздің спортшыларымызға Олимпиадаға қатысуға кедергі болмаймыз. Олар бүкіл мансабы бойы осы ойындарға дайындалды, бұл олар үшін өте маңызды. Сондықтан, ешкімге тыйым салмаймыз», - деді Путин.

Естеріңізге сала кетсек, ХОК Ресей құрамасын Қысқы Олимпиададан шеттетіп тастаған болатын. Алайда допингтен таза ресейлік спортшылар Олимпиада туы астында өнер көрсете алады.