«Төрт ұлт» турнирі аясында Қазақстан мен Иран құрамалары кім мықтыны анықтады.

Ресей құрамасымен тең түскен жерлестеріміз бүгін Азия чемпиондарымен күш сынасты. Ирандықтар сапында барша қазақтандық жанкүйерлергге таныс алматылық «Қайрат» клубының ойыншысы Хоссейн Тайеби өнер көрсетті.

Айта кететін жайт, қос команда осымен бесінші рет кездесіп отыр. Сонау 1996 жылы Тегеранда Қазақстан футзал құрамасы бірініші ресми матчын өткізіп, ойысрай ұтылған. Аталмыш кездесу 2:14 есебімен аяқталды. 1998 жылы жерлестеріміз 4:7, ал араға екі жыл сала Азия чемпионатында 1:4 есебімен жеңіліс тапты. Бангкокте өткен төртінші кездесуде отандастарымыз ирандықтармен тең (3:3)тарқасқан болатын.

Ал енді міне бесінші матчта Какау шәкіртттері қарсыластың үйінде кеткен есеені қайтармақ болды. Алайда, 4-ші минутта сол Тайеби тоғыздықты дәл көздеп, Игитаны қапы қалдырды.