Әлемнің бұрынғы чемпионы Шугар Рэй Леонард Р4Р бойынша кімнің ең үздік боксшы екенін айта алмады.

«Р4Р – өте даулы нәрсе. Бірі Головкин десе, басқасы Канело дейді... Кімнің үздік екенін айта алмаймын», - деді Леонард.

Боксшылардың алғашқы жекпе-жегі тең есеппен аяқталған болатын. Енді 2018 жылы олар қайта жұдырықтасуы мүмкін.