Daily Herald журналисі Шон Стэнгленд Мигель Котто мен Садам Али жекпе-жегінің нәтижесі туралы ойын айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша, Али төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.

«Жақсы жекпе-жек, жақсы шешім. Егер Котто жеңіске жетсе, Головкин – Канело кездесуінің нәтижесі қайталанып, бокста осы жылда тағы бір қара таңба қалатын еді», - деп жазды журналист.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес кездесуі тең есеппен аяқталып, бұл бокс жанкүйерлері мен мамандары арасында үлкен дау туғызған болатын.