Қызылордада қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева ізбасарларының өнерін тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спорттық шара барысында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов Элизабетке халықаралық ареналардағы жоғарғы жетістіктері және алдағы жарыстарға ынталандыру үшін күріштен жасалған портретті табыс етті.

Айта кетейік, жақында ғана Алматы қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен халықаралық жарыста облыстың құрама командасы табысқа жетіп, жүлделермен оралған болатын. Олардың қатарында жарыс жеңімпаздары Манас Бекташов пен Диана Жармұхамедова бар.