WBA қазақстандық боксшы Қанат Исламға әлем чемпионы титулына міндетті үміткерді тағайындады.

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Қанаттың қарсыласы әлі жеңілмеген, 29 жастағы америкалық Джон Вера болмақ.

Айта кетерлік жайт, Бүкіләлем бокс қауымдастығы боксшыларға 21 қарашада ескерткен. Қос тараптың келісуі үшін бір ай уақыт бар.