Аралас жекпе-жек стилінде өнер көрсетіп жүрген Сэмюэл Ильницки қарсыласын сұмдық нокаутқа түсірді, алайда ол қуанбай қарсыласының денсаулығы үшін алаңдап кетті, - деп хабарлайды Eurosport.

Ильницки мен Соломон Роджерс арасындағы жекпе-жек Ұлыбританияда осы аптада өтті. Ильницки қарсыласының жағынан теуіп құлатты, осыдан кейін Роджерс есінен танып қалды.

Видео желіде кең таралып жатыр. Роджерс есін жиған, оның денсаулығына ешбір қауіп жоқ делінген.