«Бір атаның балалары футбол ойнайды» додасы биыл 9-10 желтоқсан күндері Алматыда өтеді.

Отбасылық доп додасы биыл Алматыдағы ҚазМУ спортзалында өтеді.

Қазір қатысушылардан өтініш қабылданып жатыр. Доп додасына қатысу үшін өтінішті электронды пошта арқылы жіберуге болады (nessport@ mail.ru).

Ал дәрігер рұқсат берген мөрі бар өтініштің түпнұсқасын әр команда өзімен ала келуі керек екен. Жарна - 20 000 теңге.

Осыған орай 8 желтоқсан күні сағат 17:00-де биылғы дода өтетін спортзалда жеребе тартылып, ресми түрде тіркеу рәсімі өтеді. Оған әр команданың өкілі міндетті түрде қатысуы керек.