Қараша айында «Астана» ойыншылары үш ойын өткізді. Елордалық команда сырт алаңда «Маккабиді» 1:0 есебімен жеңсе, өз алаңында оралдық «Ақжайықтан» 2:0 есебімен басым түсті. Ал Еуропа Лигасының бесінші туры аясында испаниялық «Вильярреал» командасына 2:3 есебімен жол берді.

Қалыптасқан дәстүрге орай, ай соңында клубымыздың Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер қараша айының үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады.

Дауыс беруге жалпы саны 6 000-нан астам жанкүйер қатысып, соның 39,2%-ы Патрик Твумасиге дауыс берген.

Осы айда Патриктің еншісінде Еуропа Лигасында соққан екі гол бар. Оның бірін «Маккаби» қақпасына соқса, екіншісін Жуниор Кабананганың берген пасынан кейін, «Вильярреал» қақпасына соққан еді.

Екінші орында команда қақпашысы Ненад Эрич. Елордалық команда капитаны осы айда «Маккаби» және «Ақжайық» командаларына қарсы екі кездесуде қақпасын құрғақ сақтап, алаңда 270 минут өткізген.

Ал үздік үштікті Жуниор Кабананга қорытындылады. Конго ДР құрамасының шабуылшысы осы айда үш гол соқты. Жуниор чемпиондық кездесуде «Ақжайық» қақпасына дубль жасаса, Еуропа Лигасында «Вильярреал» қақпасына қарсы кездесуде есеп ашқан болатын.

Дауыс беру бойынша үздік бестік:

1.Патрик Твумаси 39,2%

2.Ненад Эрич 28,4%

3.Жуниор Кабананга 23,4%

4.Дмитрий Шомко 3,6%

5.Абзал Бейсебеков 2,2%

Дауыс беруге жалпы саны 5 687 адам қатысты.