Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатқан Биатлоннан әлем кубогының бірінші кезеңінде Қазақстан спортшылары қола жүлде алды.

Қазақстандық биатлоншылар Галина Вишневская мен Максим Браун екілік-микстта үздік үштікке ілінді, ал мәреге бірінші болып австриялық биатлоншылар Лиза Тереза Хаузер мен Симон Эдер келді. Екінші орын неміс спортшылары Ванесса Хинц пен Эрика Лессер бұйырды.

Айта кетейік, Эстерсундтағы кезең 3 желтоқсанда аяқталады, ал 7-10 желтоқсанда Әлем кубогі Австрияның Хохфильцен кентінде жалғасады.