66 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық дзюдошы Азамат Мұқанов әлем чемпионатының финалында жапондық Масаси Эбинумаға жол беріп қойды.

Ақтық сынға дейін жерлесіміз ресейлік Алим Гаданов, сингапурлік Жоэль Ценга, британдық Колин Оатес, жапондық Масааки Фукуоку мен украиндық Георгий Зантарайды жеңген болатын.

Айта кетер болсақ, Азаматтың бұл жүлдесі қоржымыздағы алғашқы медаль.