Испаниялық Nocaut.net сайты Р4Р (pound-for-pound) бойынша үздік боксшылар рейтингісін жаңартты.

Рейтингіде орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF және IBO чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин көш бастап тұр.

Басылымның нұсқасы бойынша Топ-10:

1. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) 2. Василий Ломаченко (9-1, 7 КО) 3. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО) 4. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) 5. Кит Турман (28-0, 22 КО) 6. Эррол Спенс (22-0, 19 КО) 7. Гильермо Ригондо (17-0, 11 КО) 8. Майки Гарсия (37-0, 33 КО) 9. Сергей Ковалев (30-2-1, 26 КО) 10. Наоя Иноуэ (14-0, 12 КО).