Британиялық боксшы Фрэнки Гэвин Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жектің қашан өтуі мүмкін екенін айтты.

«Де ла Хойя Головкин қартаймайынша, жекпе-жекті өткізбейді. Меніңше, GGG-ге Канелоны ұту үшін, оны нокаутқа түсіру қажет», - деді Гэвин.

Айта кетейік, Головкин – Альварес арасындағы алғашқы кездесу 16 қыркүйекте өтіп, тең аяқталған болатын. Ал екінші жекпе-жек 2018 жылы мамыр немесе қыркүйекте өтеді деп күтілуде.